Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ер адамды Шарын өзенінің ағысы алып кетті

Опубликовано:

Шарын
Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысында 37 жастағы ер адамды суретке түсу кезінде өзен ағыны алып кетті. Құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Қазақпарат.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1 шілдеде сағат 11.15-те "112" пультіне Алматы облысының Кеген ауданында 1984 жылы туған ер адамды Шарын өзенінің ағыны алып кеткені туралы хабарлама түскен.

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына тез арада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберіліпті.

Олардың жалпы саны жеке құрамнан 15 адам мен 4 бірлік техника.

"Оқиға орнына сағат 12.05-те Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары да жіберілді. Олардың жалпы саны жеке құрамнан 8 адам мен 1 кинологиялық есеп. Сағат 13.00-де оқиға орнына "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшағы ұшып шықты. Қосымша күштер мен құралдар жіберілетін болады", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам туристік топпен жүрген. Фотоға түсу кезінде қауіпті аймақта аяғы тайып кетіп, суға құлаған. Оны өзен ағыны алып кетті.

Еске сала кетсек, 29 мамырда Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам көз жұмып, тағы 6 адам зардап шегіп, бір оқушы жоғалып кеткен еді.

Кейін еліміздің білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын мәлім етті. Сондай-ақ, сел кезінде жоғалып кеткен оқушы қыздың табылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920404-almaty-oblysynda-er-adamdy-saryn-ozeninin-agyny-alyp-ketti/

pixel