Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте "қызыл диплом" әперемін деген алаяқ ұсталды

Жарияланған күні:

қызыл диплом
Көрнекі фото: Шымкент қаласы полиция департаменті

Шымкентік полицейлер тұрғынды "қызыл диплом" әперемін деп алдаған алаяқты ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция депараментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 30 маусым күні Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға "қызыл диплом" әперемін деп, 50.000 теңге ақшасын алып, осы күнге дейін өз уәдесін орындамай жүргенін көрсеткен.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстаған. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Осы рете Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Сонда-ақ, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарлуға шақырды.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында 51 алаяқтық фактісіне қатысы бар әйел бас бостандығынан айырылғанын жазған едік.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдіктінің 51 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталып, ісі сотқа жолданған. Қылмыстық істер қаралып, 15 маусым күні соттың шешімімен 33 жастағы әйелге 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сондай-ақ, оның қолхатпен бостандықта жүрсе де, соңғы бір айда тағы да алаяқтық жасап, жеті адамды сан соқтырғаны белгілі болған. Ол өзін тұрғындарға мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, қысқа мерзім ішінде мүгедектікке шығарып беруге уәде еткен.

Қазіргі таңда кейінгі алаяқтық фактілеріне қатысты тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920476-symkentte-qyzyl-diplom-aperemin-degen-alayaq-ustaldy/