Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"51 алаяқтық дерегіне қатысы бар": Түркістан облысында қолхатпен босатылған әйел тағы адамдарды алдаған

Опубликовано:

алаяқ әйел
Көрнекі фото: polisia.kz

Түркістан облысында 51 алаяқтық фактісіне қатысы бар әйел бас бостандығынан айырылды. Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, келіншек өзін құрбандарына мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, Түркістан қалалық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданған. Ол жақсы таныс емес әйел ұлын мүгедектікке шығарып беремін деп алдап, 100 мың теңгесін алғанын айтқан.

Полицейлер бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, күдіктінің жеке басын анықтауға кіріскен.

Іздестіру іс-шаралары барысында күдікті жыл басынан бері бірнеше рет алаяқтық жасап, қолхатпен жүрген Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шыққан.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдіктінің 51 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталып, ісі сотқа жолданған. Қылмыстық істер қаралып, 15 маусым күні соттың шешімімен 33 жастағы әйелге 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Ведомство сотталушы әйелдің жалғызбасты және жұмыссыз екенін, өзінің кәмелетке толмаған екі қызымен тұратынын атап өтті.

Сондай-ақ, оның қолхатпен бостандықта жүрсе де, соңғы бір айда тағы да алаяқтық жасап, жеті адамды сан соқтырғаны белгілі болған. Ол өзін тұрғындарға мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, қысқа мерзім ішінде мүгедектікке шығарып беруге уәде еткен.

Қазіргі таңда кейінгі алаяқтық фактілеріне қатысты тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919801-turkistan-oblysynda-51-alayaqtyq-deregine-qatysy-bar-aiel-ustaldy/

pixel