Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда анасымен ренжісіп, үйінен кетіп қалған 14 жастағы қыз табылды

Опубликовано:

Қыз
Көрнекі фото: www.arnapress.kz

Таразда үйден шығып кеткен 14 жастағы жасөcпірім қыз табылды. Ол анасымен ұрысып, өкпе-реніш негізінде үйінен кетіп қалған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараз қаласының полиция басқармасы 2-полиция бөлімінің кезекші бөліміне облыс орталығының 34 жастағы жергілікті тұрғыны хабарласып, 14 жасар қызы хабар-ошарсыз кеткенін айтып жүгінген.

Әйелдің айтуынша, кәмелетке толмаған жасөспірім қыз дүкенге кетіп, қайта оралмаған.

Хабарламаны алған полицейлер толық құрамда көрсетілген мекенжайға жол тартты. Тәртіп сақшылары қыз бара алатын жақын маңдағы аумақтарды аралап, қажетті іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Жасөспірім қызды іздеуге еріктілер мен жанашыр тұрғындар қосылды. Полиция қызметкерлері қабылдаған жедел іс-шаралар нәтижесінде жоғалған қыз Тараз қаласындағы көшелердің бірінен табылды.

Белгілі болғандай, ол анасымен ұрысып, өкпе-реніш негізінде үйден кеткен. Өз кезегінде ата-ана қызын аман-есен тапқан полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.

"Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың бес айында 82 жасөспірім үйінен кеткен, 10 дерек бойынша іздеу жұмысы жүргізілген. Олардың үйден кету себептері әртүрлі, оның ішінде ата-анасымен жанжалдасуына байланысты кетудің – 16 дерегі, ата-ананың бақылауынсыз қыдырудың – 16 дерегі және басқа себептермен байланысты – 50 дерек: адасып кету, ұзақ уақыт қыдыру немесе ата-анасына айтпай жақын туыстарына кетіп қалу.
Барлық жасөспірім табылып, үйіне қайтарылды, оларды заңсыз ортаға тарту деректері анықталған жоқ" , – деді ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920527-tarazda-dukenge-ketken-14-zasar-qyz-iz-tuzsiz-zogalgan/

pixel