Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалған куәлік алған: 350-ге жуық шымкенттік мұғалімнің басы дауға қалды

Опубликовано:

Мұғалім
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте 300-ден астам мұғалім жалған аттестаттау куәлігімен жұмыс істеген. Жалған біліктілік олардың үстемеақы алуына мүмкіндік берген деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарна мәліметінше, 348 шымкенттік мұғалім жалған аттестаттау куәлігін сатып алды деген күдікке ілінген.

Сертификат үш жылдай бұрын сатып алынған. Олардың әріптестері құқық қорғау органдарына хабарласып, өтірікті ашқан.

Ал қаржы полициясының қызметкерлері республикалық тестілеу орталығында тестті сәтті тапсырғандардың тізімін тексерген.

Тексеріс нәтижесінде көптеген педагогтің аттестациядан өтпегені, тіпті тестілеу орталығына келмегені, құжаттың сатып алынғаны анықталды.

Телеарна дерегінше, мұғалімдердің 80 пайызы екі жыл бойы заңсыз алып келген ақшасын мемлекетке қайтарған. Енді олар тағы да тест тапсыруы керек.

Сонымен бірге, сертификатты сатқандарға қатысты сот процесі өтіп жатқаны хабарланды.

"Қазіргі уақытта мұғалімдерді жалған аттестаттауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, алаяқтық бойынша сот процесі жүруде", - деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте "қызыл диплом" әперемін деген алаяқ ұсталғанын жазған едік.

30 маусым күні Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға "қызыл диплом" әперемін деп, 50.000 теңге ақшасын алып, осы күнге дейін өз уәдесін орындамай жүргенін көрсеткен.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстаған. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920534-zalgan-kualik-algan-350-ge-zuyq-symkenttik-mugalimnin-basy-dauga-qaldy/

pixel