RU

«Елбасы жылуы» қайырымдылық іс-шарасының екінші кезеңі басталды

еріктілер
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев қоры

Бүгін еліміздің аймақтарында «Елбасы жылуы» ауқымды қайырымдылық шарасының екінші кезеңі басталды. Бұл іс-шара Қазақсанның Тұңғыш Президенті – Елбасының бастамасымен ұйымдастырылған.

Шараның мақсаты – аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар жанұяларға көмек көрсету. Оның аясында отбасыларға ұн, картоп, жеміс, күріш, қарақұмық, шәй, қант, күнбағыс майы сияқты азық-түлік, гигиеналық заттар және басқалар жеткізіп беріледі. Қайырымдылық шарасына іліккен әр отбасы 130 килограмға дейін тауар алады. Жалпы тауарлардың салмағы 120 тонна.

қайырымдылық көмек
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев қоры

Айта кетейік, бұл іс-шара екінші рет өткізіліп отыр. Ол алғаш рет осы жылдың сәуірінде ұйымдастырылған еді. Ол кезде азық-түлік өнімдері және аса қажет басқа да тауарларды Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарынан 681 отбасы алған еді.

Бұл жолы қайырымдылық шарасы Тараз, Талдықорган, Орал қалаларында, сондай-ақ, Алматы және Ақмола облыстарында тұратын 1000 отбасын қамтиды.

азық-түлік
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев қоры
"Мұқтаж жандарға көмек көрсетуге ұмтылу біздің халқымызға тән қасиет болған, солай болып қала да береді. Коронавирус пандемиясы біздің қоғамда қайырымдылық бастамаларын жүзеге асыруға дайын жандардың көп екенін тағы бір рет көрсетті. Ондай адамдардың қатарына «Дегдар» қорының қызметкерлерін, LIDER KZ еріктілер қозғалысының мүшелерін жатқызуға болады. Олар Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен бірге аймақтарда «Елбасы жылуы» іс-шарасын ұйымдастыруға көмектесіп жүр", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

Оның айтуынша, «Елбасы жылуы» – коронавирус пандемиясынан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге бағытталған бастамалардың бірі. «Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорының жұмысы барысында миллиондаған жерлесіміз қаржылай да, азық-түлік түрінде де көмек алып, медициналық заттармен қамтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қатаң карантиннің алғашқы күдерінен-ақ медициналық заттар сатып алуға, медицина қызметкерлерін қолдауға 200 миллион теңге бөлді. Содан кейін Қор емдеу мекемелеріне коронавирус инфекциясынан қорғанатын медициналық құралдарды, өкпені жасанды желдету (ИВЛ) апппараттарын алып берді».

«Дегдар» қорының директоры Лаура Ахметова осы іс-шара туралы былай деді:

«Жобаның бірінші кезеңі оның маңызы зор екенін көрсетті. Адамдар біздің көмегімізді алғыстарын жаудыра отырып қабыл алды. Біздің халқымыз қашан да бір-біріне қолғабыс жасау дәстүрімен мықты. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен "Дегдар" қорының бастамасы еліміздегі көптеген қайырымды жандардың ісі арқылы жалғасын табады деп сенемін!».

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920568-elbasy-zyluy-qaiyrymdylyq-is-sarasynyn-ekinsi-kezeni-bastaldy/