jitsu gif

Жанармай бекетінде бидің түбін түсірген жігіт желіде жұлдыз болды

Фото
Фото: Lada.kz.

Желіде жанармай бекетінде билеп жатқан жігіттің видеосы тарады. Желі қолданушыларының жазуынша, жас жігіт сол жерде жұмыс істеуі мүмкін.

Ырғала билеген жігіттің видеосын lada.kz жариялады.

Видеодан жас жігіттің замануи әнге билеп тұрғанын, кейін көлік иесі келген сәтте биін тоқтатып, жұмысын одан әрі жалғастырғанын байқауға болады.

"Жақсы билейді екен", - дейді видео авторы.

Биші жігіттің видеосы желі қолданушыларының арасында да қызу талқыға түсті.

"Жарайсың, мықты биші екенсің", "Жұмыста ара-тұра осылай көңіл көтеріп тұрудың несі айып, қолдаймын бауырым, дұрыс, билеп, көңіл көтеру керек", "Қатырады қазіргі жастар, бірақ өзінен жарасып тұр", "Тамаша, аман бол", "Биші болатын жігіт екен, жанармай бекетінде не істеп жүр?", "Бауырымның биі күшті екен, өзіне жарасып-ақ тұр", - дейді пікір қалдырушылар.

Айта кетейік, бұған дейін елордада тал түсте тұрғындар көп жүретін жерде күнге қыздырынуды жөн көрген ер адам туралы жазған едік.

Оны суретке түсірген автордың айтуынша, қаланың қақ ортасында күнге қыздырынған тұрғын, сол жерге жақын маңдағы фитнес орталығының қызметкері де болуы мүмкін.

"Білуімізше ол сол жерлердің бірінде жұмыс істейді. Күнімен солай жатты. Жанынан өтіп бара жатқан әйелдер мен балалардан ұят екен. Осы паблик арқылы назымызды жеткізсек, мүмкін қайтып мұндай әрекетке бармайтын шығар?", - дейді фото авторы.

Жанармай бекетінде бидің түбін түсірген жігіт желіде жұлдыз болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.