jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Орындықта күнге қыздырынған елордалық тұрғын көптің қызу талқысына түсті (фото)

Фото
Фото: Instagram/eto_astana_detka

Желіде орындықта күнге қыздырнып жатқан елорда тұрғынының суреті тарады. Желі қолданушылары күнге қыздырыну үшін ер адамның не себепті тұрғындар көп жүретін жерді таңдағанын білмей дал болуда деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгісіз ер-азаматтың күнге қыздырынған суреті Instagram желісіндегі eto_astana_detka парақшасында пайда болды.

Сурет авторларының айтуынша, ер адам күнімен сол жерде жатқан.

"Білуімізше ол сол жерлердің бірінде жұмыс істейді. Күнімен солай жатты. Жанынан өтіп бара жатқан әйелдер мен балалардан ұят екен. Осы паблик арқылы назымызды жеткізсек, мүмкін қайтып мұндай әрекетке бармайтын шығар?", - дейді фото авторы.

Ал желі қолданушыларының ер адамның әрекетіне қатысты пікірлері екіге бөлінді. Олардың бірі ер-азаматты қолдай жөнелсе, енді бірі сынға алған.

"Несіне кінәлайсыздар? Күн ыстық, жалаңаш жатқан жоқ, ешкімге зиянын да тигізбеді, басқа не керек?", "Мынадай аптап ыстықта күнге қыздырынайын деген ғой, оғаш ештеңе көріп тұрған жоқпын", "Басқа жер құрып қалғандай, қызық екен? Өзен-судың жағасында жатқандай, мұнысы несі?", "Хайп қуған біреу шығар", "Біреуде нелеріңіз бар? Қанша жатса да өз еркі", - деп пікір қалдырған олар.

Айта кетейік, елордада осымен бірнеше күн қатарынан ауа температурасы 30 градустан жоғары болып тұр.

Синоптиктер аптап ыстық Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің басқа да өңірлерінде әлі де сақталады деп болжап отыр.

Орындықта күнге қыздырынған елордалық тұрғын көптің қызу талқысына түсті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.