СҚО шенеуніктері мектеп оқушыларының ноутбуктарын ұрлап, ломбардқа тапсырған
Жарияланған күні:
Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімінің екі қызметкері аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына таратлуы тиіс онлайн режимінде білім алуға арналған 177 ноутбук ұрлағаны үшін сотталды. Бұл туралы облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі 2020 жылдың қыркүйек айында пандемия кезінде мектеп оқушыларына қашықтан білім алуға жағдай жасау үшін Айыртау ауданының білім бөлімі облыстық білім бөлімінен әрқайсысы 158 мың теңгеден "Acer" маркалы 746 ноутбук алғанын анықтады.
Кейінірек олар мектеп директорларына бірінші кезекте аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан оқушыларға тарату үшін берілді.
Алайда, ведомствоның мәліметінше, аудандық білім бөлімінің экономисі Қоспанов пен әдістемелік кабинеттің бастығы Төлеуов 177 ноутбук ұрлаған, кейін Көкшетау қаласындағы ломбардтарға немесе интернет арқылы сатқан.
Шығын шамамен 28 миллион теңгені құрады. Лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Айыртау аудандық сотының үкімімен Төлеуов 7,5 жылға, Құспанов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Еске салсақ, 30 маусымда Атырауда 21 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің офицері ұсталған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920854-sqo-seneunikteri-mektep-oqusylarynyn-noutbuktaryn-urlap-lombardqa-tapsyrgan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.