Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицері пара алды деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Ақша18
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бұқаралық ақпарат құралдарында Атырауда ірі көлемде пара алды деген күдікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицері ұсталғаны туралы хабарланды. Ақпаратқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram-дағы ресми арнасында түсініктеме берді.

"Ақ Жайық" хабарлағандай, 30 маусымда Атырауда 21 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің офицері ұсталды.

Басылымның деректеріне сүйенсек, ұстау операциясын астанадан Атырауға арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері жүзеге асырған.

"Алдын ала берілген мәлімет бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел басқарма қызметкері Павлодардағы бір компанияның басшысынан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 21 миллион теңге талап еткен", – делінген материалда.

Осы арада Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1 шілдеде департаменттің меншікті қауіпсіздік басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірге облыстық басқарманың офицерін ірі мөлшерде пара алғаны үшін ұстады деп хабарлады.

"Қазіргі уақытта күдікті Атырау полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай басқа да ақпарат жария етілмейді", – деп түсіндірді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920505-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-qyzmettin-oficeri-para-aldy-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel