Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде Алаш арыстарына ескерткіш ашылды

Опубликовано:

Алаш арыстарының ескерткіші
Фото: Facebook/karin.erlan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Алаш" партиясының негізін салушыларға арналған ескерткіш ашылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Ерлан Карин өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Ол ескерткіштің ашылу салтанатынан суреттермен де бөліскен.

Мемлекет басшысы күні кеше ғана Алаштың үш арысы – Әлихан Бөкейханға, Ахмет Байтұрсынұлына, Міржақып Дулатұлына, ғалым Қаныш Сәтбаевқа және басқа да көрнекті тұлғаларға арналған ескерткіштер ашылатынын айтқан болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мүддесіне қызмет еткен көрнекті қайраткерлерге ескерткіш қою – тарихи тұлғаларға деген шынайы құрмет болып келетінін жеткізді.

Алаш арыстарының ескерткіші
Фото: Facebook/karin.erlan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920954-elimizde-alas-arystaryna-eskertkis-asyldy/

pixel