jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Камчаткада радардан жоғалған жолаушылар ұшағының сынықтары табылды

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Камчаткада қонуына бірнеше минут қалғанда радардан жоғалып кеткен ұшақтың сынықтары табылды. Ол 6 шілдеде Петропавловск-Камчатский қаласынан Палана ауылына ұшып бара жатқан болатын. Ұшақ жолаушыларына қатысты нақты ақпарат әзірге жарияланбады.

Ресей ТЖМ-нің ресми ақпаратына сәйкес, бортта 22 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Жарияланған жолаушылар тізіміне қарағанда, олардың арасында екі бала, Палана ауылының басшысы Ольга Мохирева және оның үш әріптесі болған. Ауыл тұрғындары болса бұл жағдайға сене алар емес. Бұл туралы Life.ru-ға ауылдағы Евгений есімді тұрғын айтып берді.

"Ол Палана маңында шуылдап ұшып жүрген еді, шуылы бізге дейін естіліп тұрды. Содан кейін бәрі бітті... Барлығы шошып кетті", - дейді Евгений.

Евгенийдің айтуынша, ауылда шамамен 2800 адам тұрады, көптеген жолаушылардың туыстары да осы ауылда екен.

Камчатка билігіне сілтеме жасай отырып ТАСС жазғандай, Ан-26 теңіз емес, құрлық жағынан қонуға тырысқан. Ұшақпен байланыс Палана әуежайынан 10 шақырым жерде үзіліпті.

Сонымен бірге, экипаждың бортта қандай да бір мәселе туындағаны туралы хабарламағаны айтылуда. Болжамдардың біріне сәйкес, әуе апаты ұшу кезінде болған қателік салдарынан туындаған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта жоғалған Ан-26 ұшағының сынықтары табылды.

"Ұшақтың сынықтары Палана ауылының маңынан табылды. Құлап бара жатқан ұшақ шоқымен соқтығысып, қираған", - деді агенттіктің сұхбатшысы.

Камчаткада радардан жоғалған жолаушылар ұшағының сынықтары табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.