Аптап ыстықта қандай сусын ішкен дұрыс: Диетолог кеңесі
Жарияланған күні:
Ресейлік диетолог-дәрігер аптап ыстық кезінде шөлді басу үшін қандай сусындар пайдалы екенін айтты деп хабарлайды Sputnik радиосы.
Медицина ғылымдарының докторы, дәрігер Андрей Бобровскийдің сөзінше, жаз мезгілінде ағзаға сұйықтық әдеттегіден көп мөлшерде қажет болып жататындықтан, көбірек сұйықтық ішкен абзал.
Оның айтуынша, бұл ретте шөлді басу үшін қарапайым суды ішкен дұрыс. Оған қандай да бір жемістерді қосып, дәмдірек етуге де болады.
Ал тәтті газдалған сусындар мен шырындарды керісінше ыстық күнде ішпеген дұрыс.
"Ыстық күнде калориясы көп газдалған сусынды ішпеген дұрыс. Соңғы деректерге сәйкес танымал өндірушілердің калориясы төмен газдалған сусыны артық салмақтың пайда болуына айтарлықтай әсер етпейді.
Бірақ тәтті газдалған сусындар калориясы өте аз болса да, адамның шөлі қанбаған секілді реакция тудырады. Адамның тағы бірнәрсе ішкісі келіп тұрады. Қапталған шырын мен газдалған сусынның айырмашылығы жоқ. Олардың пайдасы аз, зияны бірдей", - дейді Андрей Бобровский.
Дәрігердің айтуынша, жаз мезгілінде кваста шөлді тез басады, бірақ оның құрамындағы қант тым көп болмауы керек.
Айта кетсек, бұған дейін дәрігерлер мен диетологтар газдалған сусынның миға қауіпті екенін ескерткен еді.
Америкалық диетолог Бриттани Любектің мәліметінше, газдалған сусындағы кофеинді үнемі қолдану мидағы химиялық өзгерістерге әкелуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921157-aptap-ystyqta-qandai-susyn-isken-durys-dietolog-kenesi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.