Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда 39 жастағы алты баланың анасы үшем босанды

Опубликовано:

үшем
Фото: Отырар арнасы

Түркістан қаласында 39 жастағы Дилхумар Юсупова үш бірдей ұл босанды деп хабарлайды Отырар арнасы.

Басылым мәліметінше, №3 облыстық перениталдық орталықта өмір есігін ашқан нәрестелерге Хасан, Хусан мен Мухаммад есімдері берілген.

Айта кетейік, үшем дүниеге келген жанұяның төрт қызы мен екі ұлы бар.

Енді Дилхумар 9 бірдей баланың анасы атанып отыр. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел.

Ал отағасы қарапайым жұмысшы.

Қазіргі уақытта мерзімінен ерте өмірге келген үшем перзентхана дәрігерлерінің бақылауына алынды.

"Үшемді дүниеге алып келдім. Қазір жағдайым жақсы дәрігерлердің арқасында. Алғысым шексіз. 32 аптасында босандым. Үйде 6 бала шағам бар. Қазір барлығы 9 перзентім бар", - деді көпбалалы ана Дилхумар Юсупова.

Бүгінде сәбилер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған.

Медицина қызметкерлері Әзірге үшемдердің қашан шығатыны белгісіз деп отыр.

Жалпы, Түркістан облысында жыл басынан бері алтыншы үшем дүниеге келді.

Айта кетейік, былтыр № 3 облыстық перениталдық орталығында 10 мыңға жуық сәби өмірге келген. Ал жыл басынан бері мұнда 6 мың нәресте дүние есігін ашқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921447-turkistanda-39-zastagy-alty-balanyn-anasy-usem-bosandy/

pixel