Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құлағын кескіледі": Талдықорғанда күйеуі өз әйелін үтікпен күйдіріп, екі күн қамап ұстаған (фото)

Опубликовано:

Күйеуі қорлаған әйел
Фото: Facebook/Талдыкорганец

"Талдыкорганец" Facebook парақшасында белгісіз әйелдің басынан кешкен жантүршігерлік оқиғасы туралы жазба пайда болды. Күйеуі аяусыз ұрып, денесін үтікпен күйдірген келіншектің танысы бар жағдайды баяндап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Талдықорғандық белсенді Қайрат Абдрахманға жантүршігерлік жағдайдың қалай болғаны жайлы аты-жөнін жасырын ұстауды жөн көрген оқырман жеткізді.

"Талдықорғанда күйеуі әйелін қорлап, екі тәулік бойы бір бөлмеге қамап қойған. Телефонын тартып алған. Аяусыз ұрып-соққан. Үтікпен денесін күйдірген. Алған жарақаттарынан әйел бірнеше рет есінен танып қалған. Бетінің жартысы ісіп кеткен. Асқан жауыздықпен қорлаған. Құлағын кескілеген. Менің осында жазып отырғанымды өзі білмейді. Осы туралы ел білсе екен деймін. Денесінің әр жерінде жарақаты бар. Тіпті омырауы мен ішінде де", - дейді белгісіз оқырман.
талдықорғандық әйел
Фото: Facebook/Талдыкорганец

Оқиғаны баяндаушы аталған жайттың Талдықорған қаласындағы 4 шағынауданда болғанын атап өтті. Ал әйелдің қазіргі денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласының 19 жастағы тұрғыны отбасымен жақын араласатын азаматтың зорлағанын айтып, шағымданғанын жазған болатынбыз. Бойжеткеннің сөзінше, 35 жастағы азамат үйге жеткізіп тастауды ұсынып, оның орнына айдалаға апарып зорлаған.

Сондай-ақ, Ақтөбеде осыдан төрт ай бұрын 9-сыныптың төрт тоқушысы жеті жасар балаға қысым көрсетіп, мектеп ішіндегі дәретханада зорлады деген күдікке ілінгені жөнінде хабарладық. Іс құзырлы органдарға жеткенімен, жәбірленуші тарап тергеудің дұрыс жүргізілгеніне күмәнмен қарайды. Олар баласын қорлағандар жазадан сытылып кете ме деп алаңдаулы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921614-qulagyn-keskiledi-taldyqorganda-kuieui-oz-aielin-utikpen-kuidirip-eki-kun-qamap-ustagan-foto/

pixel