"Асыра сілтеу болмасын": Тоқаев вакцинаны міндеттеу мәселесі жайында сөз қозғады
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинаны міндетті түрде салдыру мәселесіне қатысты өз ойын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ашығын айту керек, қазіргі вакциналау жұмысының қарқыны әлі де мардымсыз, нақты қадамдар жасау қажет. Түптеп келгенде азаматтарымыз өзінің және жақын туыстарының денсаулығын ойлап, саналы түрде шешім қабылдауы қажет. Антиваксерлердің қауесет, даңғаза әңгімелеріне сенудің қажеті жоқ. Сондықтан біз екпе салу науқанын жалғастырамыз. Ал кейбір жекелеген салаларда міндетті түрде вакцина салдыру қажет болады", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, кейбір салаларда вакцинаны міндетті түрде салдыру шараларының заңнамалық, тіпті, конституциялық негізі бар.
"Турасын айтсақ, бұл – әркімнің өз отандастары алдындағы міндеті, парызы. Сондай-ақ, мынандай екі мәселеге тоқталғым келеді. Біріншіден, міндетті екпе салу кезінде асыра сілтеу болмауға тиіс. Медициналық себептерге және белгілі бір жағдайларға байланысты екпе салдырмайтын адамдар бар. Мемлекеттік органдар, әсіресе, мониторинг жүргізу топтары осы мәселені ескеруі керек", - деп түйіндеді Тоқаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921798-asyra-silteu-bolmasyn-toqaev-vakcinany-mindetteu-maselesi-zaiynda-soz-qozgady/