jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Кувейтте ауа температурасы 70 градусқа дейін көтеріліп, елдегі бағдаршамдар балқып кетті (фото)

Ыстық
Фото: Хабар 24

Кувейтте ауа температурасы рекордтық көрсеткішке дейін жетіп, елдегі бағдаршамдар балқып кетті деп хабарлайды Хабар 24.

Шілде айында Кувейттегі сынап бағанасы көлеңкеде 53,3 градусқа жетсе, ал күннің көзінде 70 градусқа дейін көтерілген.

Салдарынан елдің көшелеріндегі бағдаршам балқып түсіп, жеңіл көліктердің пластик бөліктері еріп кеткен.

Al Rai басылымының хабарлауынша, Әмірліктегі бұл жаз соңғы 70 жылдағы ең ыстық мезгіл болып отыр.

Аптап ыстыққа байланысты Кувейттің бірнеше аймағының билігі халықты электр қуатын үнемдеуге, сондай-ақ, үйлер мен кеңселердегі ескі кондиционерлерді ауыстыруға шақырды.

Кувейт
Фото: Хабар 24

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда аптап ыстықтан 30 жыл бұрынғы рекорд жаңарғанын жазған едік.

Жаздың бірінші айында еліміздің батысы, сондай-ақ республиканың оңтүстік өңірлері субтропикалық ауа массаларының әсерінде болып, 46 градус ыстық тіркелген.

Сонымен бірге, ғалымдар әлемді жайлаған аптап ыстыққа байланысты дабыл қаққан болатын.

Айтуынша, әлемдік климат өзгерісіне антропогенді факторлар әсер етпегенде Батыс елдері ми қайнатар ыстықты көрмес еді. Ал енді мұндай жағдайлар жер бетінде жиілей түсуі әбден мүмкін екен.

Маусым айы АҚШ тарихында да ең ыстық кезең болған. Салдарынан орман алқаптары отқа оранып, тұрғындар қуаңшылық зардабын тарта бастаған.

Кувейтте ауа температурасы 70 градусқа дейін көтеріліп, елдегі бағдаршамдар балқып кетті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.