Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шет елдерде қанша этникалық қазақ тұрады

Опубликовано:

жаңалық
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Отандастар қорының президентінің орынбасары Мағауия Сарбасов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шет елдерде 7 миллионға дейін этникалық қазақ тұратынын жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның сөзінше, шет елдердегі этникалық қазақтардың нақты санын дөп басып айту қиын.

"Шетелдегі қандастар –  қазақ ұлтының бірден бөлігі. Әртүрлі мәліметтер бойынша шетелде 5 миллионнан 7 миллионға дейін этникалық қазақ тұрады. Қазір олардың нақты санын анықтау үшін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Отандастар қорының президентінің орынбасары.

Сонымен қатар, Мағауия Сарбасов Отандастар қоры құрылған сәттен бастап шетелдегі қазақтарды біріктіретін ұлттық-мәдени орталықтарды түгендеу жұмыстарына кіріскенін жеткізді.

Оның сөзінше, дүнижүзінде 250-ге жуық қазақ мәдени орталығы бар, соның 150-і белсенді жұмыс істейді. Бүгінде олардың барлығымен байланыс орнатылып, 70-тен аса орталықпен тиісті меморандумдар бекітілді, дейді отандастар қорының президентінің орынбасары.

Одан бөлек, өткен жылы Омбы, Ташкент, Ыстанбұл, Киев және Берлин қалаларында Абай үйінің ашылғаны айтылды.

Осы жылдың соңына дейін "Абай үйлерін" қандастар көп шоғырланған Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында, Ресейдің Астрахань, Қырғызстанның Бішкек қалаларында ашу жоспарланып отыр. Алайда Мағауия Сарбасов бұның барлығы сол елдердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921982-set-elderde-qansa-etnikalyq-qazaq-turady/

pixel