jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда карантин күшейтілді

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Оның барысында еліміздегі COVID-19 бойынша "қызыл" аймаққа кіретін өңірлерде карантин шараларын күшейту мәселесі талқыланды деп хабарланды ВАК-тың ресми Telegram каналында.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия "қызыл аймақтағы" өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылдады.

Тоқтатылсын:

  • "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;
  • жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі.

Демалыс және мереке күндері қызметіне тыйым салынсын:

  • қоғамдық көліктің;
  • "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
  • "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
  • "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, көрмелердің;
  • "Ashyq" жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің;
  • "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
  • білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
  • "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың.

Жұмыс күндері қызметтері шектелсін:

  • 20-00 сағатқа дейін "Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің;
  • ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін;
  • "Ashyq" жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар – сағат 20-00 дейін, "Ashyq" жүйесіне қатыспайтындар- сағат 18-00-ге дейін.

Отырыс соңында вице-премьер мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне түсіндірме жұмыстарын күшейту, сондай-ақ халықты коронавирусқа қарсы вакциналаумен қамтуды арттыруды тапсырды.

Қазақстанда карантин күшейтілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.