Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жолдың қақ ортасында жатқан қыздардың әрекеті көлік жүргізушісін шошытты (видео)

Опубликовано:

Жол
Видеодан кадр: Lada.kz

Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде жатқан қыздар видеоға түсіп қалды. Бейнежазбаға қатысты полиция пікір білдірді деп хабарлайды Lada.kz.

Жолда жатқан аруларды камераға жүргізуші әйелдердің бірі түсіріп алған. Куәгердің сөзінше, ол көлікте келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде жатқан қыздарды көрген.

"Мен оларға сигнал берген кезде ғана қашып кетті", - дейді Ақтау тұрғыны.

Әйел қыздардың мұндай қадамға баруына не түрткі болғанын түсінбеген. Сондай-ақ, ол өзге автокөлік жүргізушілерін сақ болуға шақырады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қазір құзырлы орган видео кейіпкерлерін анықтап жатыр. Егер олар кәмелет жасына толмаған болса, онда ювеналды полиция қызметкерлері материал жинап, оны әкімдікке қарасты балалар құқығын қорғау жөніндегі бөлімге жолдайды.

Ал, егер олар кәмелет жасына толған болса, онда қыздарға әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін желіде жаяу жүргіншілер жолынан билеп өткен ер адамның видеосы тарап, көптің қызу талқысына түскенін жазған едік.

Бейнежазба авторы "Позитив" деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Ер адамның жаяу жүргіншілер жолындағы биін өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері де тамашалаған. Олар оған жол беріп, биінің аяқтағанын күткен.

Ал желі қолданушыларының бірі ер адамның бұл әрекетіне әзіл деп түсінсе, енді бірі көзге оғаш көрінетінін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922224-aqtauda-zoldyn-qaq-ortasynda-zatqan-qyzdardyn-areketi-kolik-zurgizusisin-sosytty/

pixel