Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі адамның өліміне себепкер болған 18 жастағы "Land Cruіser" жүргізушісі ұсталды

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда екі адамның өліміне себепкер болған 18 жастағы жүргізуші қамауға алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қарасай аудандық сотының тергеу судьясының 13 шілдедегі қаулысымен 6 шілдеде Алматы-Жандосов-Бесмойнақ жолының 25 шақырымында болған жол-көлік оқиғасына себепкер болған «Land Cruіser» автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі екі ай мерзімге «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, жол апаты 6 шілде күні сағат 00:10 шамасында болған.

Алматы-Жандосов-Бесмойнақ тас жолының шығыс бағытында "Toyota Land Cruiser" автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, "Тoyota Avensis" көлігімен соқтығысты.

Салдарынан "Toyota Avensis" автокөлігінің жүргізушісі мен оның 26 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922269-almatyda-eki-adamnyn-olimine-sebepker-bolgan-18-zastagy-land-cruiser-zurgizusisi-ustaldy/

pixel