Алматыда жол апатын жасаған жүргізуші бұған вакцинаны кінәлады
Жарияланған күні:
Алматыда жол апаты болып, салдарынан екі адам жарақат алды. Жол апатына себепкер болған жүргізуші бұған вакцинаны кінәлады деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, "Мерседес Бенс" көлігін тізгіндеген 23 жастағы жігіт қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан "Фольксваген туарегпен" бетпе-бет соқтығысқан.
Салдарынан жол талғамайтын көліктің рөліндегі әйел мен жанында отырған 13 жастағы қызы жарақат алған.
Ал жол апатына себепкер болған жүргізуші вакцинаның әсерінен көзі ілініп кеткенін айтады.
"Осындай жағдайға алып келген – вакцинаның әсері. Менде осы уақытқа дейін ұйықтап кету деген бұндай жағдай мүлдем болмаған", - дейді көлік жүргізушісі.
Дегенмен жас жігіттің вакцинаны күндіз сағат 10-да қабылдағаны, ал жол-көлік оқиғасының түнгі сағат 10-да болғаны белгілі болып отыр.
Қазіргі уақытта полиция қызметкері жол апатының мән-жайын анықтауда. Жол апатында зардап шеккен ана мен бала да ауруханада.
Қалалық балалар шұғыл медициналық жәрде орталығының реаниматолог-анестезиолог дәрігері Алуа Жексенованың сөзінше, 13 жастағы қызға көмек көрсетілгеннен кейін нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылған.
"Қазір жағдайы орташа ауыр.Тұрақты емін алып жатыр. Әлі де бір апта уақыт бізде стационарлық көмекте болады", - дейді ол.
Дереккөз КТК арнасы
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жол апатынан екі адам қаза болып, 18 жастағы көлік жүргізушісі қамауға алынған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922290-almatyda-zol-apatyn-zasagan-zurgizusi-bugan-vakcinany-kinalady/