jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Елімізде телеарна мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Теледидар пульті
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстандықтарға еліміздің барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылатыны туралы ескертілді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 03.00 мен 17.00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", – делінген министрліктің хабарламасында.

Елімізде телеарна мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.