jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

"Екінші Ниагара": Елорда маңындағы сарқырама тұрғындардың назарына ілікті (видео)

Фото
Фото: Instagram/astanovka98

Желіде елорданың шеткі аймақтарының бірінде орналасқан, жұртшылық көп біле бермейтін шағын сарқыраманың видеосы пайда болды. Оқырмандар бұл сарқыраманың қайда орналасқанын сұрап, қызығушылық танытуда деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Tik Tok әлеуметтік желісінде "Екінші Ниагара" атанып үлгерген шағын сарқырама, Нұр-Сұлтанның Алматы ауданы аймағына қарасты, қаланың шеткі жағында орналасқан.

Желі қолданушыларының жазуынша, көпті әсемдігімен таңғалдырған шағын сарқырама – Есіл өзенінің бойындағы жасанды сарқырама екен.

Десе де, елордалықтардың көпшілігі аталған демалыс орнынан бейхабар екендіктерін желіде жарыса жазып жатыр.

"Мынау қай жер екен?", "Қай жер болса да әдемі жер екен", "Елорданың маңында баратын әдемі жерлер көп екен ғой?", "Тамаша, тек осы жерді біліп алып, адамдар тағы қоқысқа толтырмаса екен", "Бұл Есіл өзенінің бойындағы жасанды сарқырама, мамандар осы арқылы өзен деңгейін көріп отырады", "Осындай видеоларды көріп алып, адамдар осы жерлерге барады, кейін тағы Көбейтұз сияқты астаң-кестеңін шығарады, халайық, барсаңыздар өтініш, қоқыс лақтырмай, тазалықты сақтап жүріңіздерші" деп жазды олар.

Естеріңізде болса, өткен жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданы аумағында орналасқан Көбейтұз көлі көптің қызығушылығын тудырған еді. Өзінің алқызыл түсімен ерекшеленген көлге қазақстандықтар жаппай ағылған болатын.

Тіпті бір адам көлге көлікпен кіріп, енді бірі көлдің тұзын сатпақшы болғаны жұрттың шамына тиген еді.

"Екінші Ниагара": Елорда маңындағы сарқырама тұрғындардың назарына ілікті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.