jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Тарбағатайда қағандар бейнеленген алтын тәж артефактілері табылды

Алтын артефактілер
Фото: gov.kz

Тарбағатай ауданында "Елеке Сазы" қорғанын қазу кезінде археологтар ежелгі түркі дәуірінің бірегей алтын артефактілерін тапты. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов ғалымдармен, археологтармен кездескеннен кейін мәлімдеді деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты.

"Екі күн бұрын ғана белгілі археолог Зейнолла Самашев Тарбағатай ауданында қағанат басшылары бейнеленген алтын тәж артефактілерін тапты.

Бүгінгі күнге дейін археологиялық қазба жұмыстары кезінде мұндай көне жәдігерлер кездеспеген еді. Бұл әлемдік жаңалық жақында жарық көретін үш томдық кітап беттеріне енетініне, ал артефактілер мұражай экспонаттарының арасынан лайықты орын алатынына сенімдімін", – дейді Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Даниал Ахметов Қазақстан тарихына арналған үш томдық кітап редакциясының құрамына кіретін тарихшы-ғалымдармен және археологтармен кезекті рет кездескен еді.

Бұл басылымға профессор Зейнолла Самашевтың басшылығымен қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ежелгі түркі дәуірінің өте қызық ескерткіші – Елеке Сазы шатқалындағы ғибадат ету-еске алу ғимаратына байланысты ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері кіреді.

"Бұл кітапты жазуға құнды тарихи жаңалықтар ашқан көрнекті ғалымдар атсалысып жатыр. Ғалымдардың білімі мен кәсібиліктеріне күмән жоқ. Бұл өте маңызды. Олар кез келген түсініспеушіліктің алдын алатын және оны болдырмауға, бастысы тарихи әрі сенімді фактілерді жариялауға аянбай еңбек етіп жатыр", – дейді облыс әкімі.

Тарбағатайда қағандар бейнеленген алтын тәж артефактілері табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.