Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мектеп салуға бөлінген миллиондаған қаражат жымқырылды

Опубликовано:

Мектеп
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Қаржы мониторингі агенттігі Шымкентте мектеп салу кезінде қаражат ұрлау фактісі анықталғанын хабарлады. Бұл істің егжей-тегжейі ведомствоның баспасөз қызметінде айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаментінің қызметкерлері Шымкенттегі Жұлдыз тұрғын алабындағы орта мектеп құрылысына бөлінген 5,5 миллион теңгені жымқыру фактісін анықтады.

Тергеу барысында кәсіпкер нақты атқарылған жұмыс туралы күмәнді мәліметтері бар есептер ұсынғаны анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша мемлекетке шамамен 5,5 миллион теңге залал келгені нақтыланды.

Құрылыс жұмыстарын жүргізген кәсіпкер кінәсін толығымен мойындап, аталған соманы толықтай төледі.

Мектеп
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі қазіргі кезде ел бойынша жаңа оқу жылына дайындық жүзінде білім беру ұйымдарындағы жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Осы мақсаттарға бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді, оның көлемі жыл сайын артып келеді. Сол себепті мұндай нысандар арам ойлы мердігерлер үшін пайда табудың нысанасына айналады.

Мектеп
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Еске сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысы білім басқарма басшысының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарын ұстағаны туралы хабарлаған едік.

2015 жылдан 2020 жылға дейін басқарма қызметкерлері "алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен" аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922360-symkentte-mektep-saluga-bolingen-milliondagan-qarazat-zymqyryldy/

pixel