jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде Құрбан айт күні мал базарлары жұмыс істей ме

Құрбан айт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде Құрбан айт күні мал базарлары жұмыс істемейді. Бұл ақпараты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі растады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Мамандар мерекені үйде атап өту керектігін ескертті.

Олардың сөзінше, мешіт аумағына адам кіргізілмейді.

Діни басқарма қызметкерлері мал бағасының өсіп кетпеуін қатаң қадағалайтындарынын жеткізді. Қазірдің өзінде шекті бағасын белгілеп қойған. 

Ұсақ малды әрі кетсе - 70 мың теңгеге, ірі-қараны 420 мың теңгеге сатуға рұқсат беріліпті.

"Биылғы марқа қозылар 35 мың теңгеден басталады. Ірілері, жақсылары 50 мыңға дейін барады. Одан кейін саулық қойлар, тұсақтарымыз бар. Олар сол 55 мың теңге, күйіне қараймыз, 60-70 мың теңгеге дейін баратындары да бар", - деді мал сатушы Айбек Есбайқажыұлы.

Мамандар біраз өңірде індет қайта өршіп жатқандықтан, биыл да мешіттерге жамағат жимайтындарын, құрбандықты онлайн шалуға болатынын жеткізді.

"Адамдар көп шоғырланатын орындарға бармай, үйде отырып-ақ біздің "ҚҰРБАН 2021" деген веб-сайт арқылы тапсырыс беріп, қой бола ма, ірі-қара мал бола ма, өзінің таңдаған малын таңдап, тапсырыс беріп, өзі үйден шықпай мұқтаж жандарға ет таратуларына мүмкіндік бар. Оның барлығын біздің мешіт қызметкерлері, ерікті азаматтар бар, барлығын тегін жүзеге асырады", - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Одан бөлек, мереке кезінде айтшылауға тыйым салынған. Қауіпті аймаққа енген өңірлерде мал базарлары жұмыс істемейді.

"Құрбан айт бізде мейрам болғандықтан, күнтізбеде қызыл күн, яғни азаматтарымызға демалыс болып саналады. Сол себепті ол күні жұмыс жүргізілмейді. Ешқандай азамат  мал шалатын жерге бармайды. Барлығы онлайн түрде жүргізіледі", - деді санитарлық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Елімізде Құрбан айт күні мал базарлары жұмыс істей ме

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.