Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елге вакцинасыз ұшып келген қазақстандықтар карантинге жіберіледі

Жарияланған күні:

әуежай19
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін еліміздің бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес коронавирусқа қарсы вакцина салдырмай елге оралған қазақстандықтар станционарларда үш күндік карантинде болады. Қаулы ДСМ СЭБҚ ресми сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес қазақстандықтар немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтар COVID-19-ға қарсы вакцина алғаны туралы анықтамасы болмаса, онда олар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 3 тәулікке дейін оқшауланады. Коронавирусқа тест жасау үшін сынаманы медициналық-санитарлық алғашқы көмек маманы алады.

"COVID-19 зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алғаннан кейін, теріс нәтижемен келгендерге, тиісті қолхатты ала отырып, COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіріледі.

COVID-19 зертханалық анализі оң нәтиже көрсеткен адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды", - делінген құжатта.

Еске сала кетсек, дәл осы қаулымен міндетті вакцина салдыру мерзімі бекітілді.

Бас санитариялық дәрігер міндетті вакцинаның бірінші компоненті 2021 жылдың 10 тамызына дейін, екінші компоненті 1 қыркүйекке дейін салынып бітуі керек екенін жазған.

Құжатқа сәйкес, профилактикалық егулерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндеттелмейді.

"Коронавирусқа қарсы вакцинацияға тұрақты / уақытша медициналық қарсы көрсеткіштің болуы туралы анықтаманы жергілікті дәрігер (ол болмаған кезде фельдшер) жұмыс орнына ұсыну үшін береді (қажет болған жағдайда). Бұл жағдайда диагноз пациенттің келісімімен көрсетіледі", - делінген жарлықта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922562-elge-vakcinasyz-usyp-kelgen-qazaqstandyqtar-karantinge-ziberiledi/