Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда вакцинадан кейін ер адамның денсаулығы нашарлағаны рас па (видео)

Опубликовано:

Ер адам
Видеодан кадр: Ақ Жайық басылымы

Әлеуметтік желіде жағдайы нашарлап кеткен ер адамның жанына жиналып қалған адамдар бейнеленген видео тарады. Ер адамның мұндай күйге түсуіне коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы себеп болған көрінеді. Бұл жайтқа қатысты өңірлік денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Ведомствоның мәліметінше, "Дина" базарындағы екпе салу пунктінде 14 шілде күні 22 жастағы Өзбекстан азаматы "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін салдырған.

Кезекте тұрған ол медицина қызметкерлеріне дөрекілік танытып, препараттың кері әсері туралы арандату мақсатында видео түсіремін деп қорқытқан.

Ер адам екпе салдырғаннан кейін 30 минут демалу бөлмесінде бақылауда болып, үйіне жіберілген.

Ал сағат 18:30-да "Дина" базарынан жедел жәрдемге қоңырау түсіп, бір адамның жағдайы нашарлап кеткені, оның денесі құрысып жатқаны жайлы хабар түскен.

Анықталғандай жедел жәрдем үш сағат бұрын вакцина салдырған Өзбекстан азаматы үшін шақырылған.

Ол ауруханаға жеткізіліп, денсаулығы тексерілген. Денсаулығы қалыпты әрі ауруханаға жатқызатындай нақты себеп болмағандықтан, 30 минуттан кейін үйіне жіберген.

Осы орайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындардан арандатушлылыққа назар аудармауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азаматшаның аяқ-қолы тартылып қалғаны туралы видео тараған болатын.

Кейін тексеріс барысында акушердің жағдайы мен вакцинация арасында тікелей байланыс болмағаны анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922605-atyrauda-vakcinadan-keiin-er-adamnyn-densaulygy-nasarlagany-ras-pa-tiisti-mekeme-zauap-berdi-video/

pixel