Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық невролог смартфондарды жиі қолданудың салдары туралы ескертті

Опубликовано:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының №36 қалалық емханасының неврологы Марал Құлжабекова KAZ.NUR.KZ-ке берген сұхбатында смартфондарды жиі пайдаланудың кері әсері жайлы айтты.

Невролог атап өткендей, мобильді құрылғылардың кеңінен таралуы әрі смартфондарды шектен тыс қолдану остеохондроздың туындауына әкеліп соқтыруда.

"Мойынға үлкен жүктеме түседі, бұл ақыр соңында остеохондроздың дамуына әкеледі - омыртқааралық дискілер мен омыртқаның басқа тіндерінің зақымдануы болуы мүмкін", - дейді маман.

Остеохондроздың алдын алу үшін невролог дене бітіміне мән беріп, дене шынықтырумен, гимнастикамен айналысуға немесе бассейнге баруға кеңес береді, егер сізде артық салмақ болса, одан арылуға тырысқаңыз жөн дейді маман.

Айта кетейік, бұған дейін Минвук Пэнг есімді өнертапқыш телефоннан көз алмайтындар үшін арнайы құрылғы ойлап тапқан еді.

Құрылғы адамның басы төмен қараған сәтте іске қосылып, алдындағы кедергілерді іздей бастайды.

Кедергі анықталған сәтте бірден қожайынына бұл туралы дыбыс арқылы хабар береді. Осылайша, құрылғы иесінің алдында кездескен кедергіге соқтығысудың алдын алады.

Десе де көпшілік мұндай құрылғы ұстап жүргеннен гөрі телефонға үңілу әдетінен арылу керектігін алға тартуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922679-almatylyq-nevrolog-smartfondardy-zii-qoldanudyn-saldary-turaly-eskertti/

pixel