Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Смартфон зомбилері": Телефоннан көз алмайтындар үшін "қосымша көз" ойлап табылды

Опубликовано:

Құрылғы
Фото: odditycentral.com

Смартфонға күн ұзаққа үңіліп, одан көз алмайтындар үшін "үшінші көздің" қызметін атқаратын ерекше құрылғы ойлап табылды деп жазады odditycentral.com.

Бүгінгі таңда ұялы телефонсыз бір күнін де өткізе алмайтындардың қарасы күн санап артуда. Тіпті телефонына сағаттап үңіліп, көзін алмастан көше кезетіндер де жоқ емес. Олардың бірталайы алдындағы кедергілерге мән берместен, оқыс жағдайларға тап болып жататындығы да таңсық жағдай емес.

Осы орайда, Минвук Пэнг есімді өнертапқыш жігіт "телефон зомбилеріне" арнайы құрылғы ойлап тауып, оны көпшілік назарына ұсынды.

Құрылғы
Фото: odditycentral.com

Өндірістік дизайн саласын меңгеріп жүрген студент жігіт маңдайға тағылатын бұл құрылғысына "үшінші көз" деген атау берген.

Құрылғы адамның басы төмен қараған сәтте іске қосылып, ондағы көз сонардың (дыбыс арқылы алдағы кедергілерді анықтауға мүмкіндік беретін құрал) көмегімен адамның алдындағы кедергілерді іздей бастайды. Кедергі анықталған сәтте құрылғы бірден қожайынына бұл туралы ескерту үшін арнайы дыбыс шығарады. Осылайша, оның кедергіге соғылып қалуының алдын алады.

Десе де көпшілік мұндай құрылғы ұстап жүргеннен гөрі телефонға үңілу әдетінен арылуға тырысқан абзалырақ екендігін алға тартуда. Себебі, адам телефоннан көз алмай, жолда жүретін болса, көліктің астында қалуы немесе шұңқырға құлап кетуі және өзге де оқыс жағдайларға тап болуы ғажап емес. Ал мұндай сәтте құрылғының дыбысы адамды құтқарып қалуы екіталай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1914714-smartfon-zombileri-telefonnan-koz-almaityndar-usin-qosymsa-koz-oilap-tabyldy/

pixel