Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырмаған ата-аналардың баласын тартып алатыны рас па

Опубликовано:

Автобус
Көрнекі фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар мектеп автобустарын сатып алу туралы жаңалықты талқылап жатыр. Кейбір оқырмандардың пікірінше, автобус ата-аналардың келісімінсіз балаларды эвакуациялау үшін пайдаланылмақ. Алайда stopfake.kz бұл мәліметті теріске шығарды.

Бірақ бұл хабарды естігенде ата-аналардың бәрі бірдей қуанған жоқ. Instagram+-да кейбірі "бұл автобустар балаларды сабақтан алып кету үшін қажет, ал ата-анаға баласының қайда екені айтылмайды, бұл оларды коронавирусқа қарсы вакцина алуға мәжбүрлеу үшін жасалады" деген пікірлерін білдірді.

Бірақ бұл хабарды естігенде ата-аналардың бәрі бірдей қуанған жоқ. Instagram-да кейбірі "бұл автобустар балаларды сабақтан алып кету үшін қажет, ал ата-анаға баласының қайда екені айтылмайды, бұл оларды коронавирусқа қарсы вакцина алуға мәжбүрлеу үшін жасалады" деген пікірлерін білдірді.

Осы ретте Білім және ғылым министрлігі бұл болжамдарды жоққа шығарды. Ведомство өкілдері кейбір балаларға мектепке жету қиын болғандықтан жаңа автобустар сатып алу қажеттілігі туындағанын хабарлады.

"Балалардың қауіпсіздігі балаларды мектепке және үйге тегін тасымалдауды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Бұған 21 мыңнан астам білім алушы мұқтаж, олар үшін 758 бірлік автокөлік тасымалы қамтамасыз етілген. Соңғы үш жылда автобус паркі 203 бірлікке жаңартылды. Бүгінгі таңда автокөлік сатып алу қажеттілігі әлі де сақталып отыр. Бұл мәселені шешу үшін мектептерді автобустармен қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы аясында автобус паркін жаңарту жоспарланған", – деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, мектеп автобустары балаларды мектепке және мектептен үйге жеткізу үшін ғана пайдаланылатыны атап өтілді. Көлікті басқа мақсаттарда пайдалану жоспарда жоқ.

Демек, елімізде ата-аналарды вакцинациялауға мәжбүр ету мақсатында балаларды мектептен жасырын түрде әкету үшін мектеп автобустары сатып алынатыны туралы пікірлер негізсіз және шындыққа жанаспайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922747-vakcina-saldyrmagan-ata-analardyn-balasyn-tartyp-alatyny-ras-pa/

pixel