Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Динадағы" қойылым: Дәрігерлер жалған әрекетке барған шетел азаматын сотқа бермек

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: azh.kz

Атырау қаласындағы "Дина" базарында Өзбекстан азаматына вакцина салған №3 емхана әкімшілігі қызметкерлерін қорлап, жала жапқаны үшін оны сотқа бермекші. Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы жігіттің жалған әрекетке барғанын айтқан болатын деп хабарлайды "Ақ Жайық".

"Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-тармағы бойынша қорлағаны үшін, сондай-ақ жала жауып, жалған ақпарат таратқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша іс қозғау шаралар алынды. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл азамат аталған процедураларды бұзуға бағытталған заңсыз әрекеттер жасады. Мұны әдейі жасады", – дейді №3 емхананың заңгері Гүлсім Сабирова.

"Дина" базарындағы вакциналау пунктінде жұмыс істейтін №3 емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Айгүл Үсембаеваның айтуынша, жас жігіт екпе алуға ағасымен келген. Дәрігерлер дерекқордан ағасының аты-жөнін таппады.

Олардың айтуынша, кейде жүйеде осындай ақаулар орын алады. Ол бұған ренжіп, дәрігерлерге тіл тигізіп, оларды біліксіз деп айыптай бастады. Бірақ ол вакцинаның екінші компонентін алды. Екпе алғаннан кейінгі тиесілі уақытты дәрігерлердің бақылауымен өткізді. Содан кейін ол өзі жұмыс істейтін бутик иесімен қайта келді.

"Екеулеп бізге айқайлай бастады. Ағасының базада неге жоқ екеніне наразы болып, қазір видео түсіреміз, содан кейін вакцина алуға пунктке ешкім келмейтін болады деп, әйел адам қоқан-лоқы жасады. Жұмыс аяғына қарай сыртта айқай-шу болып жатқанын естідік. Жүгіріп шықсақ, әлгі жас жігітті жедел жәрдем алып бара жатыр екен. Видеоны көріп, қатты таң қалдым. Егер жанама әсері байқалса, бірінші компоненттен кейін пайда болады, ол анағұрлым күштірек. Екінші компонентке бұл тән емес", – деп әңгімеледі Үсембаева.

Белгілі болғандай, жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген, дәрігерлер тексеру кезінде жігіттің денсаулығында ешқандай проблема жоқ деп, үйіне жіберген.

"Видеоны көрген кез келген медик мұның жалған екенін байқайды, нағыз ұстама басқаша көрінеді. Жігіт кілемде жатыр, басына да кілем жастанған, біреу әдейі жағдай жасағандай. Видео бірнеше секундқа созылады. Біз оны ғана емес, оның "көмекшілерін" де жауапқа тартпақпыз.
Осындай әрекеттер арқылы олар коронавирус инфекциясының алдын-алуға қатысты бүкіл жұмысымызды және вакцина ектіру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарымызды жоққа шығарады. Адамдарды қорқытады. Ал қазір Атыраудағы стационарлар КВИ жұқтырған науқастарға толы, өлім-жітім де тіркелуде", – дейді №3 емхананың директоры Айман Өтенгенова.

"Дина" базарында Өзбекстан азаматына қызметкерлері вакцина салған №3 емхана әкімшілігі қорлап, жала жапқаны үшін оны сотқа бермекші.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде адамдар ауырсынып жатқан адамды қоршап, қолдарын ысқылап жатқан видео пайда болған еді.

Жас жігіттің коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін "Дина" базарында ауырып қалғаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922772-dinadagy-qoiylym-darigerler-zalgan-areketke-bargan-setel-azamatyn-sotqa-bermek/

pixel