Туыстарына миллиондаған ақша аударған: Түркістан облысында шенеунік ұсталды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілер сотқа дейінгі тергеу барысында Арыс қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасарын ұстады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми Telegram арнасында хабарлады.
"Жеке тұлғалармен бір топта шенеунік 2018-2021 жылдар аралығында бюджет қаражатын аз қамтылған санатқа жатпайтын жақын туыстары мен достарына заңсыз аудару арқылы жымқырды деп күдіктелуде", – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілер.
Тергеу мәліметтері бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала мөлшері 160 миллионнан астам теңгені құраған. Бұл қаражат Арыс қаласындағы аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) АӘК төлеуге және пандемия, төтенше жағдайлар және карантин кезінде халықтың кейбір санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етуге бөлінді.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922866-tuystaryna-milliondagan-aqsa-audargan-turkistan-oblysynda-seneunik-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.