Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау маңындағы демалыс базасына жиналған қалың жұрт ұзын-сонар кезекке тұрды (видео)

Опубликовано:

Кезек
Кадр: Lada.kz

18 шілдеде Ақтау қаласының маңындағы демалыс базаларының бірінде ұзын-сонар кезек туындады. Кейбір куәгерлер бірнеше сағат бойы кезекте тұруға мәжбүр болғандарын айтуда деп хабарлайды Lada.kz.

Келушілердің бірі демалыс орнына барлығын бірдей кіргізбегенін, салдарынан кезек туындағанын айтып отыр.

"Ашып, адамдарды әдетінше кіргізудің орнына, олар кептеліс тудырды, адамдар есінен айырылғандай, ішке қарай ығыса бастады. Бұл сұмдық: кішкентай балалары бар ата-аналар осындай ұзын-сонар кезекте бесік арбамен тұр", - деп ашуланды әйел.

Оның пікірінше, мұнда келушілердің жайлы демалысы үшін жағдай жасалмаған.

Ол өзінің туған күнін тойлауға баламен келгенін, таңертеңгі 9-дан 11-ге дейін кезекте тұрғанын, бірақ соңында кетіп қалғанын айтуда.

Тағы бір бойжеткеннің сөзінше, мұндағы қызметкерлер бетперде мен қолғапсыз жұмыс істеуде. Басылым демалыс орталығына бұл мәселе бойынша қоңырау шалғанымен, олармен байланысқа шығу мүмкін болмағанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Бурабайдан қайтқандар ұзын-сонар кептелісте сағаттап тұрғаны туралы жазған едік. Бурабайдан қалаға дейінгі ұзын-сонар кептеліс желідегі танымал пабликтердің бірінде пайда болды.

Одан бөлек, Бурабайға демалуға барған елордалықтардың ондағы демалыс орындарының астан-кестенін шығарғанын хабарлаған едік. Демалушылар әсіресе жол жиегіне қоқыс лақтырып, онда қоқыс жәшіктерінің аздығына күйінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922988-aqtau-manyndagy-demalys-bazasyna-zinalgan-qalyn-zurt-uzyn-sonar-kezekke-turdy-video/

pixel