RU

Қала күніне Бурабайға барған елордалықтар ұлттық парктің астаң-кестеңін шығарды (фото)

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Елордалықтар жылдағы әдетімен қала күніне биыл да Бурабайға ағылды. Алайда ұлттық паркке апаратын такси бағасы да, ондағы қызмет түрлерінің құны да жылдағыдай бір-ақ күнде шарықтап кетті. Сорақысы сол, демалушылар биыл да табиғи аймақты қоқысқа толтырып, Қазақстанның Швейцариясының астан-кестенін шығарған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Биыл астана күніне елордалықтар қатарынан үш күн демалғандықтан, жергілікті тұрғындардың көпшілігі жылдағыдай қала сыртында демалуды жөн көрген. Демалыстың алғашқы күндері аптап ыстыққа тап келгендіктен, бастапқыда қала тұрғындары жағажайды пана еткен.

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

"Бұл жаққа алдын ала жоспарлап келмесеңіздер, тынығатын орын да, қонақүй, демалыс базаларын да таппай қаласыздар. Сол себепті жоспарлап, алдын ала үй броньдап қою керек. Ал таксидің бағасы салонына 30-35 мыңға дейін қымбаттап кетті деп естідік. Мынадай қымбатшылық заманда, әрине бұл баға тұрғындар үшін өте қымбат. Алайда көлігі жоқтар, не істейді енді? Амал жоқ көнеді", - дейді қала тұрғындарының бірі.

Өкініштісі Бурабайға жаппай демалуға барған халық ұлттық паркті қоқысқа толтырады. Сол күні тіпті, қоқыс тастайтын қоқыс жәшіктерінің өзі бос бөтелкелер мен қалдықтарға толып қалған.

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Ал жол жиегіндегі жасыл желектің жағдайы тіптен мүшкіл. Демалушылар қоқысты жол бойына лақтырып кеткен.

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Тұрғындар қоқыс бактарының тым аздығына күйінді.

"Жылда осылай шығар. Қоқысты лақтырып тастайтын адамдарды әрине жақтап тұрған жоқпын. Бірақ тастайтын да жер жоқ. Мынадай титтей шелектерді қойып қойған. Адам көп келетінін біледі, көптеу қылып, толтырып қойса болады ғой? Немесе үлкендеу, қоқыс бактарын да қоюға болатын еді", - дейді тұрғындардың бірі.

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921182-qala-kunine-burabaiga-bargan-elordalyqtar-ulttyn-parktin-astan-kestenin-sygardy-foto/