Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 шілдеде Нұр-Сұлтан мен Алматыда қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ертең, 20 шілдеде барша мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі- Құрбан айт басталады. Мерекенің алғашқы күні барша қазақстандықтар демалады. Осыған байланысты KAZ.NUR.KZ тілшісі бұл күні елде қандай карантиндік шектеу шаралары күшінде болатынын анықтады.

Елордадағы қоғамдық көліктер, атап айтқанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар ертең штатты режимде жұмыс істейді. Бұл туралы CTS компаниясы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтандағы сауда ойын-сауық орталықтары да ашық болады. Бұл нысандар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұндай ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады.

Алматы қаласында да сауда ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық көліктер жұмыс істейді. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, олардың жұмысына қосымша шектеу қойылмайды.

Айта кетейік, дегенмен Алматыда коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ, жеке үй иеліктері мен медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге ( оның ішінде айт намазы) тыйым салынады.

19-22 шілде аралығында Алматы қаласының аумағында мал сою цехтары мен базарлардың жұмысына тыйым салынады. Одан бөлек, қала аумағына жануарлардың (онлайн режимдегі құрбандыққа арналған малдарды қоспағанда) әкелінуіне жол бермеу мақсатында бекеттер жұмыс істейтін болады.

Жалпы құрбандық шалуды Qurban2021.kz веб-сайтына өтініштер бере отырып, онлайн режимде жүргізуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923103-20-sildede-nur-sultan-men-almatyda-qogamdyq-kolik-qalai-zumys-isteidi/

pixel