jitsu gif

Кілең джип: Маңғыстау тұрғыны тегін шөпті әкетуге келген "байларға" ренжіді (видео)

Шөп
Көрнекі фото: adyrna.kz

Маңғыстауда тегін шөпті әкетуге келген бір топ адамның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Роликтен ауылдықтар елдің басқа өңірлерінен жеткізілген шөпті әкетіп жатқанын көруге болады.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының қылығы видео авторының ашуын тудырды.  

"Мына халықты қара. Отбасында алты адам болса, соның бәрі алып жатыр. Бала-шағасымен осында жүр. Кілең джиптер, кілең байлар келген. Адамнан көлік көп. Не деген сұмдық!" - дейді автор.

Еске сала кетейік, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында құрғақшылық салдарынан жем-шөп тапшылығы туындады. Ресми мәлімет бойынша, екі өңірде екі мың мал аштықтан өлген. Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстауда жылқының жаппай қырылуына әкімдіктердің шалағай жұмысы себеп болғанын айтты.

Кілең джип: Маңғыстау тұрғыны тегін шөпті әкетуге келген "байларға" ренжіді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.