RU

"1282-і Нұр-Сұлтаннан": Елімізде бір тәулікте 5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

дәрігер11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 4889 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1282
  • Алматы қаласы - 629
  • Шымкент қаласы - 388
  • Ақмола облысы - 180
  • Ақтөбе облысы - 88
  • Алматы облысы - 147
  • Атырау облысы - 291
  • Шығыс Қазақстан облысы - 95
  • Жамбыл облысы - 116
  • Батыс Қазақстан облысы - 108
  • Қарағанды облысы - 690
  • Қостанай облысы - 133
  • Қызылорда облысы - 120
  • Маңғыстау облысы - 189
  • Павлодар облысы - 179
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 94
  • Түркістан облысы - 160

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 499 111-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 2 038 адам індеттен жазылып шыққан. Қазір 61 627 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 18 836 пациент стационарда, 42 791 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 130 адамның жағдайы ауыр, 244 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, 162 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетсек, еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте президент қазақстандықтарға үндеу жасап, денсаулыққа бей-жай қарамауға шақырған еді.

"Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс", - дейді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923130-1282-i-nur-sultannan-elimizde-bir-taulikte-5-mynga-zuyq-adam-koronavirus-zuqtyrgan/