Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа толқын ең жойқын болып отыр": Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды.

Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс", - дейді мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, қазір алда тұрған басты мақсат - адам өмірін сақтап қалу. Ал оның бір ғана жолы - жаппай вакцинация.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923087-zana-tolqyn-en-zoiqyn-bolyp-otyr-toqaev-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel