Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны күрт өсті

Опубликовано:

Жансақтау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында өткен тәулікте 84 адамның коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғанын хабарлады.

25 шілдедегі мәлімет бойынша елімізде коронавирус жұқтырған 6631 адам тіркелген. Одан бөлек, тағы 2757 адам ауруынан айыққан. Сондай-ақ, өткен тәулікте 74 адам коронавирустың құрбаны болған.

Қазір 78 917 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 23 046 пациент стационарда, 55 871 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1438 адамның жағдайы ауыр, 284 пациенттің жағдайы өте ауыр, 182 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, өткен тәулікте 212 адамға пневмония диагнозы қойылып, 10 науқас көз жұмды. Тағы 90 пациент емделіп шыққан.

Еске сала кетсек, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жарияланды.

Оған сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар,Солтүстік Қазақстан Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Ал "сары" аймақта Алматы облысы ғана тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923792-qazaqstanda-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-koz-zumgandar-sany-kurt-osti/