Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ине шаншар орын жоқ": Аптап ыстықтан қажыған елордалықтар қайтадан Бурабайға ағылды

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/zhaloby_astana

Елордада осымен бірнеше күн қатарынан ауа температурасы +30 градус ыстықты көрсетіп тұр. Осыған орай, күннің аптап ыстығынан мезі болған елордалықтар тағы да Бурабайға ағылды. Демалушылардың бұл әрекеті желі қолданушыларының ашуын келтірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елордалықтардың Бурабайда демалып жатқан суреті Instagram-дағы танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Сурет авторының айтуынша, демалыс күндері ұлттық парктегі көл маңында ине шаншар жер болмаған.

"Демалыстарыңыз қалай өтті құрметті оқырмандар? Араларыңызда Бурабайға бармағандар бар ма? Демалыс күндері әрі мынадай аптап ыстықта Бурабайда осындай «тозақ» болып жатыр, ине шаншар жер жоқ",-деп сурет авторы әзіл-шыны аралас жазба қалдырған.

Аталған жайтқа қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылған. Олардың бірі елде вирус өршіп, күн сайын жүздеген адам науқастанғанына қарамастан, демалушылардың көптігіне шүйліксе, енді бірі керісінше қалада тар үйде қамалып отырғаннан гөрі, таза ауада демалған жақсы деген пікірлерін жазған.

"Бұл вирус сонда ол жақта тарамай ма, әлде демалыс күндері тарауын тоқтатып қала ма?", "Карантин, маска қайда? Жұрттарға таң қаласың, жағдайдың түрі анау, не екпе салдыртқылары келмейді, осылай сау адамдарға жұқтырмасына кім кепіл ал, айтыңыздаршы?", "Адамдарға бәрібір, сөзім жоқ",

"Несі бар, мынадай ыстықта отбасыларымен демалайын деген шығар", "Өткенде қала күніндегідей соншалықты адам көп болған жоқ, бірақ көл жағасында халық ығы-жығы болды", "Түк әбестігі жоқ, керісінше ол жақтың ауасы күшті, денсаулыққа пайдалы, барсын, демалсын" деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыдан бірнеше апта бұрын елордалықтар қала күніне орай тағы да Бурабайға ағылған еді. Ол аздай тұрғындар ұлттық паркті қоқысқа толтырып, қайтарда сағаттап ұзын-сонар кептелісте тұрған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923923-ine-sansar-oryn-zoq-aptap-ystyqtan-qazygan-elordalyqtar-tagy-da-burabaiga-agyldy/

pixel