Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

26 жыл бұрын Германияға көшіп кетсе де, қазақ тілін ұмытпаған неміс ұлтының өкіліне ел сүйсінді

Опубликовано:

Рудольф
Видеодан кадр: Facebook/Ася Асеткина

Қазақстаннан Германияға 26 жыл бұрын көшіп кеткен неміс ұлтының өкілі қазақ тілін ұмытпағанын көрсетіп, елді таңғалдырды. Еуропада жүрген қырғыз азаматы қариямен қазақша тілдескен сәтін видеоға түсіріп алды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қырғызстандық тиктокер жігіт Штуттгард қаласында көшеде шахмат ойнап отырған қарияның қазақша таза сөйлегеніне риза болды.

"Сәлем, достар! Шахмат ойнайтын жерге келсем, мына кісі Қазақстаннан көшіп келгенмін деп тұр. Анша-мұнша қазақтар да бұлай сөйлей алмайды ғой. Қазақша сөйлеген Рудольф" , - дейді блогер жігіт.

Ал неміс қария қырғыз жігітіне өзін таныстыра келе, қазақ емес екенін, Қазақстаннан келген неміс екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол қазақша амандасудың ретін де ұмытпағанын көрсетті.

"Бізде сәлем демейді, "Ассалаумағалейкум" дейді. Ол (аман алған адам - ред.) "Уағалекумассалам" деп айтуы керек", - дейді Рудольф.

Германия азаматының сөзінше, ол 26 жыл бұрын Қазақстаннан көшіп кеткен.

Желі қолданушылары қазақ тілін ұмытпаған өзге ұлт өкіліне алғыс білдірді.

"Керемет! Қуанып қалдым., "Қандай керемет, мың жаса!", "Неміс ұлты мен шешен ұлты қазақ қадірін ұмытпайды! Тектілік болар!", "Қазақстаннан көшіп кеткеніне 26 жыл болса да, қазақ тілін ұмытпапты. Қазақтың нанын адал жеген бірден бір ұлт бар болса, ол осы немістер шығар. Бұл видеоны Тик-токқа Германияда жүрген қырғыз баласы шығарған екен, видеоны көпшілікке көрсетілімге шығарған қырғыз жігітке де, қазақшасымен жайраңдап отырған неміс атаға да, олардың аталарының аталарына да мың алғыс!", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924023-26-zyl-buryn-germaniyaga-kosip-ketken-nemis-ultynyn-okili-qazaq-tilin-ali-umytpagan-video/

pixel