Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірім де сұраған жоқ": Қайтыс болған 12 жастағы баланың көршілері жаңа деректер айтты

Опубликовано:

Конфликт
Көрнекі сурет: Pixabay

Теміртауда 12 жастағы жеткіншектің өлімімен аяқталған ауладағы төбелестің куәгерлері болған жайт туралы пікір білдірді. Бір соққыдан өліп кеткен баланың көршілері "оқиға себепкерінің ата-анасы қара жамылған отбасынан кешірім де сұраған жоқ" деп мәлімдеп отыр. Бұл туралы ЭК хабарлайды.

Бұған дейін басынан соққы тию салдарынан қайтыс болған бала аурушаң болғанын және жүрегіне бес рет ота жасалғанын жазған болатынбыз. Бұл қайғылы жағдайдың куәгері болған баланың анасы оқиға жайына өз ойын білдірді.

"Мен оқиға орнында болған жоқпын. Бірақ балалар үнемі аулада бірге ойнайтын. Біз бұрыннан көрші тұрамыз. Мұндай жайт орын алады деп ешкім ойлаған да жоқ. Қайтыс болған бала біздің подъезде тұратын. Тып-тыныш еді. Еш уақытта төбелескенін көрмеппіз. Көз алдымызда өсті.
Ал оған соққы берген баламен көп балалармен осылай қақтығысып қалатын. Ол марқұмға да көп тиісетін. Ауладағы балалардың барлығы оның жүрегі ауыратынын, онымен төбелсуге болмайтынын жақсы білетін еді.
Есін жимағанын естігенде қатты жыладым. Үш күн бойы. Бірақ жаңағы ұрған баланың ата-анасы тіпті марқұмның отбасына көңіл де айтпапты. Барып, кешірім сұрамаған. Аяқтарына жығылып, кешірім сұраулары керек еді ғой", - дейді әйел.

Айтуынша, мұндай жайтты болдырмау үшін балаға тиісті тәрбие беру керек.

"Бұл жағдайда, менің ойымша, ата-анасы кінәлі. Әлсіздерді ренжітпеу керек екенін, қыздарды қорғау керек екенін үйретпеген", - дейді ана.

Еске салсақ, бұдан екі бұрын Теміртауда қайғылы жайт орын алған. Ауладағы балалар арасындағы төбелестен 12 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Артынша, баланың жүрегі ауыратыны және оның бес рет отадан өткені белгілі болған. Бұл туралы баланың әкесі мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924140-kesirim-de-suragan-zoq-qaitys-bolgan-12-zastagy-balanyn-korsileri-zana-derekter-aitty/

pixel