Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баламның өміріне қауіп төнді": Танымал қазақтілді нутрициолог дертпен қалай күрескенін айтты

Опубликовано:

Талшын Артыққызы
Талшын Артыққызы: Instagram

Алматыда қазақ тіліндегі бірінші нутрициолог, көпшілікке дұрыс тамақтанудың жолдарын аянбай үйретіп жүрген маман Талшын Артыққызының денсаулық академиясы ашылды. Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген маман бұл салаға келуіне балаларының сырқаты себеп болғанын ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Мен қарапайым мұғалімдердің отбасында өмірге келдім. ҚазҰУ-да білім алып, магистратураны Еуропада оқудың жолы түсті. Бір сөзбен айтқанда, білім-ғылымға көп көңіл бөле бастадым. Алайда, отбасылық өмір көп нәрсені өзгертті. Бірінші орынға жанұялық өмір мен ұлымыздың денсаулығын қойдым. Себебі, дәрігерлердің қателігінен ұлымның денсаулығына үлкен қауіп төнді. Осы кезде депрессияға түсіп, қатты қобалжығаным рас. Бірақ баламның болашағы үшін босаңсымай, тезірек ес жинау керек болды. Міне, сол сәттен бастап менің дұрыс тамақтану, нутрициология туралы ілімім кеңейді. Түнімен алуан түрлі курстар оқып, әлеуметтік желіні қолға алып, бүгінгі жетістігіме қол жеткіздім», - дейді Талшын.

Нутрицолог маманның айтуынша, біздегі халық әлі де дұрыс тамақтанудың жолын білмейді. Ата-бабамыз ауру астан деп айтып кетсе де, тамаққа келгенде тартынып қалмайтындар көп. Талшын осы олқылықты реттеп, адамдардың басты байлығы – денсаулығын сақтауға өз үлесін қосып жүр.

«Инфобизнеске келдім. Алғашқы табысым аз болса да, мен үшін миллионға тең еді. Кішігірім аудиторияма нутрицологияны зерттеп, қазақ тілінде ақпарат бере бастадым. Бүгінде менен сабақ алғандардан оң нәтиже көп байқалады. Содан кейін денсаулық академиясын ашу туралы ой келіп, осыған кірісіп кеттіс. Дүниеге үшінші сәбиім келді. Бірақ Алла баламызды тағы да сынақпен жіберіпті. Қызым туғанда құлағы естімеді. Мен тағы да депрессияға түсіп кеттім. Басымды тауға да, тасқа да ұрдым. Сол кезде жолдасымның қолдауы алып шықты. Балаларым үшін ізденгенде алған бар білімім көпшілікке де қажет деп ұқтым. Сондықтан, осы саланы қазақтілді оқырманға таныстыру үшін бел шеше кірістім», - дейді ол.

Мадина Садуақасова
Мадина Садуақасова: Instagram

Талшын Артыққызының денсаулық академиясының ашылуына Мадина Садуақасова бастаған өнер жұлдыздары қатысты. Әнші өз кезегінде танымал маманға сәттілік тілеп, денсаулық академиясының лентасын қиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924263-balamnyn-omirine-qauip-tondi-tanymal-qazaqtildi-nutricolog-dertpen-qalai-kureskenin-aitty/

pixel