Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кезекті антирекорд: Қазақстанда бір тәулікте 7479 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7479 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 557 107-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1571,

Алматы қаласы - 1450,

Шымкент қаласы - 445,

Ақмола облысы - 238,

Ақтөбе облысы - 230,

Алматы облысы - 270,

Атырау облысы - 424,

Шығыс Қазақстан облысы - 298,

Жамбыл облысы - 197,

Батыс Қазақстан облысы - 198,

Қарағанды облысы - 1011,

Қостанай облысы - 224,

Қызылорда облысы - 175,

Маңғыстау облысы - 220,

Павлодар облысы - 251,

Солтүстік Қазақстан облысы - 145,

Түркістан облысы - 132.

Айта кетейік, кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Оның сөзінше, бірқатар өңірде инфекциялық стационарлар пациенттерге толып қалған.

"Денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс салмақ түсіп отыр. Салдарынан халық медициналық көмекке уақытында қол жеткізе алмауы ықтимал. Ал бұл инфекцияның одан әрі таралуына, аурушаңдыққа және өлім-жітімнің көбеюіне алып келеді", - деді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924490-kezekti-antirekord-qazaqstanda-bir-taulikte-7479-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel