Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Танцор диско деп осыны айт": Көшеде қарбызын билеп жүріп сататын оралдық "томпақ" жігіт кім

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/azhgaliev_take.07

Желіде көшеде қауын-қарбызын билеп жүріп сататын жігіттің видеосы тарады. Желі қолданушылары позитивке толы видеоны қызу талқылап, биші жігітке жылы лебіздерін жаудырып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, қарбыз сатып жүріп, бидің түбін түсіретін жігіт желіде azhgaliev_take.07 нигімен тіркелген, блогер болып шықты. Ол өз парақшасында қарбыз сатып жүріп, Tik Tok түсіріп, көпке танымал болған екен.

Сондай-ақ, ер адамның Оралдан екені белгілі болды. Қала тұрғындарының көбі одан қарбыз сатып алатындарын, үнемі жол жиегінде қауын-қарбыз сатып тұратынын айтқан.

Блогердің Instagram желісіндегі парақшасынан оның Жахан Отарғаливе, Раим мен Артур, Марат Оралғазин сынды көпке танымал өнер иелерімен таныс екені әрі олармен бірігіп түрлі вайндар түсіргені байқалады.

Желі қолданушылары билеп жүріп, қауын-қарбызын сататын жігіттің өнеріне риза болып, түрлі пікірлерін жазуда.

"Бауырым, ісіңе Алла береке берсін, күн ұзаққа далада тұрып, сауда жасау оңай емес. Бірақ сен соған қарамастан, шаршап-шалдықпай, ешкімнен қысылмай, биге де уақыт табады екенсің, жарайсың, бәріне үлгі болу керек осындай қазақтың балалары", "Биіңіз өзіңізге жарасады екен, жарайсыз", "Бидің түбін түсіреді ғой мына бауырым", "Көпке позитивті көңіл-күй сыйлайтын адамдарды жақсы көремін, өркенің өссін балам", "Осылай көңіл-күйді үнемі көтеріп жүру керек қой, сары уайымға салынбай" деп жазды Қазнет қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924696-tancor-disko-dep-osyny-ait-kosede-qarbyzyn-bilep-zurip-satatyn-oraldyq-tompaq-zigit-kim/

pixel