Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзі жүзе алмаса да өзгені құтқарамын деп ажал құшқан жеткіншекің ата-анасына медаль берілді

Опубликовано:

ШҚО
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd

Семей қаласында суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп көз жұмған 14 жастағы жеткіншектің ата-анасына медаль берілді деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 шілде күні Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Әшімжанов Нұржігіт Қуанышұлы қайтыс болғаннан кейін "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.

Марапаттау рәсімін Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ернар Жалелов өткізді.

Өз сөзінде ол баланың ата-анасына көңіл айтып, батыр ұлды тәрбиелегендері үшін алғыс айтты.

"Оқиға 30 маусым күні болған. Нұржігіт достарымен Ертіс өзенінің жағасында демалып жүргенде суға батып бара жатқан қызды көріп қалады. Өзі жүзе алмаса да, оны құтқару үшін суға секірген. Жүзіп жетеді де қызды жағаға қарай итеріп жіберді. Осылайша, қыз аман қалған. Алайда Нұржігіттің судан шығуға шамасы жетпеді. Оны есінен танып қалған кезде сол маңдағы куәгерлер алып шықты", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем қызметкерлері келіп жеткен соң жеткіншекке реанимациялық шаралар қолданғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында үш адамның суға батып кеткенін жазған едік.

Олардың екеуі 45 және 46 жастағы ер адамдар болса, үшіншісі 18 жастағы бойжеткен болған. Жас қыз тыйым салынған аумақта шомылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924751-ozi-zuze-almasa-da-ozgenin-omirin-saqtap-qalgan-zetkinsekin-ata-anasyna-medal-berildi/

pixel