jitsu gif

Жалақысы 1 млн теңге: Шымкентке дәрігер-реаниматологтар қажет

Жансақтау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте коронавирус орталықтарында жұмыс істеу үшін дәрігер-реаниматологтар қажет. Оларға 1 миллион теңге жалақы төленеді. Мұндай хабарландыруды қаланың бас дәрігері Бақытжан Позилов жасады деп хабарлайды Otyrar.kz.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының түсіндіруінше, мамандарды бір миллион теңге төлеуге қабілетті жеке клиника іздеп жатыр.

"Медициналық орталыққа дәрігерлер керек. Олар осындай жалақыны төлей алады. Мұнда пациенттерді коронавирустан емдейді", - деп түсіндірді қаланың бас дәріері Бақытжан Позилов.

Алайда басқарма басшысының сөзінше, мұндай жоғары жалақы коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүруге ниеттілердің табылатынына кепілдік бермейді.

"Аурухана - бұл қауіп аймағы. Күні бойы қорғаныш костюмінде жүріп, адамдардың қалай ауыратынын, қалай қайтыс болатынын көруді елестетіп көріңізші. Сол себепті дәрігерлер мен медбикелер лайықты жалақы мен үстемеақы алады", - деп толықтырды Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Сонымен бірге, қаладағы инфекциялық ауруханаларда 385 дәрігер, 400-ге жуық медбике, 200 санитарлық қызметкер мен жүргізуші жұмыс істейтіні атап өтілді.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 7778 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді. Соның ішінде 452-сі Шымкент қаласында тіркелген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.