Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс істеудің мәні жоқ": Танымал семейлік депутат өз өкілеттігін тоқтатты

Опубликовано:

Арман Мәшімов
Арман Мәшімов. Фото: instagram.com/armanmashimov

Семей мәслихатының депутаты Арман Мәшімов жұмыс істеудің еш мәні жоқ деп есептеп, өзінің өкілеттігін тоқтатты. Оның сөзінше, өзі көтерген мәселелер сол күйі жауапсыз қалған деп жазады inbusiness.kz.

Арман Мәшімов кетуінің негізгі себебі ретінде отбасылық жағдайлар мен мәслихат аппаратының көтерілген проблемаларға мүлдем немқұрайлы қарауын атады.

Оның сөзінше, дептутат қызметінде бар уақытын отбасы мен кәсіп мүдделеріне нұқсан келтіруге арнаған.

"Мен үшін істеген нәрсенің нәтиже бергені маңызды. Әйтпесе, бірнәрсе істеудің не қажеті бар? Мен толығымен депутаттық қызметіме ден қойып, бизнеске, отбасыма көңіл бөлмедім. Ақыр соңында депутаттық қызметіме бөлген уақытым нәтиже бермеді. Сол себепті мен жұмысты жалғастырудың еш мәнін көріп отырған жоқпын.

Мен жолдарды жарықтандырудан жаяу жүргіншілер жолын жөндеуге және аялдамаларды ортаға бейімдеуге дейін әр түрлі тақырыптағы депутаттық сауал жібердім. Бірақ барлығы жауапсыз қалды, ешқандай реакция жоқ. Мемлекеттік органдар тарапынан жауап жоқ, ал мәслихат аппараты біз көтерген мәселелерге немқұрайлылық танытады", - деді ол.

Арман Мәшімовтің сөзінше, егер әкмдікке қатысты мәселе болса, онда бірден комиссия шақырылып, үш күн ішінде отырыс өтіп, дереу шешім қабылданады.

Авторы: Жанар Асылханова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925091-zumys-isteudin-mani-zoq-tanymal-semeilik-deputat-oz-okilettigin-toqtatty/

pixel